Оқиғалар таңдауын өзгерту

Оқиғалар таңдауын өзгерту үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру → Оқиғаларды таңдау бөліміне өтіңіз.
  2. Өзгертуді қажет ететін оқиғалар таңдауына қарама-қарсы жалаушаны қойыңыз.
  3. Сипаттар түймесін басыңыз.

    Оқиғалар таңдауы сипаттары терезесі ашылады.

  4. Оқиғалар таңдауы сипаттарын өңдеңіз.

    Алдын ала анықталған оқиғалар таңдауы үшін сипаттарды тек келесі қойыншаларда өңдеуге болады: Жалпы (таңдау атауын қоспағанда), Уақыт және Қатынасу құқықтары.

    Пайдаланушы таңдаулары үшін барлық сипаттарды өңдеуге болады.

  5. Өзгерістерді сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Өзгертілген оқиғалар таңдауы тізімде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу